ЕЛБАСЫ
Photo
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламенттің төртінші сайланымының төртінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
[01.09.10] Құрметті Парламент депутаттары! Ханымдар мен мырзалар!
Біз 30 тамыз күні мемлекеттік ұлық мерекеміз – Конституцияның 15 жылдық тойын атап өттік. Конституция қабылдау арқылы Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Жасампаз істерімен дүниежүзіне танымал әлеуетті елге айналды. Біздің ұстанған бағытымыздың дұрыс екенін уақыт өзі дәлелдеп берді. Біз биыл ТМД және Азия елдері арасында тұңғыш рет Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына жетекшілік етудеміз. Өздеріңіз білесіздер, таяуда елімізде осы беделді ұйымға мүше мемлекет басшыларының Саммиті өтеді. Бұл – біздің еліміз үшін зор мәртебе, сонымен қатар үлкен жауапкершілік жүктейтін айрықша ауқымды шара болмақ. Ел экономикасы қарқынды дамып, біз дағдарыстан кейінгі кезеңге батыл қадам бастық. Бұл ретте болашаққа бағытталған бірқатар іргелі бағдарламалар қабылданды. Атап айтқанда, Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Елімізде «Бизнестегі жол картасы-2020» бағдарламасы қолға алынды.
толығымен

Сыртқы саясат

Photo
Желілік қауым жəне террористердің жаңа мүмкіндіктері
[29.07.10] Бүгінгі таңға дейін əлеуметтік-философиялық жəне саяси ілім қоғам туралы көптеген тұжырымдамалар мен теорияларды өмірге алып келсе, бұл ой-түйін авторлары бізге заманауи қоғамның мəні мен оның негізгі белгілерін түсіндіруге талпыныс жасауда. Бұндай теориялар қатарына Элвин Тоффлердің «толқынды теориясын», Дэниел Беллдің «постиндустриалдық қоғам» теориясын, Мануэль Кастельстің «ақпараттық капитализм» теориясын, жəне де Жан Бодрийярдың теориясы секілді постмодернистік теорияларды жатқызуға болады. Аталынған теориялардың авторлары шындықты əртүрлі бағалауы немесе əртүрлі əдістемелік негіздемелерге сілтеме жасағандықтарына қарамастан, олардың барлығы да заманауи қоғамның дамуы үрдісіндегі ақпараттың рөлінің артқандығын бір ауыздан мақұлдайды. Жаңа ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы мен таралуы бүгінгі таңда жаһандық ақпарттық төңкеріс мазмұнына ие бола отырып, ұлттық шекаралар және де жалпы əлемдік деңгейде саясат, экономика, басқару, қаржы, ғылым, мəдениет жəне де қоғам өмірінің басқа да салаларына ықпал ете бастады.
толығымен

Ішкі саясат

Photo
Стратегиялық жоспарды табысты орындаудың негізгі факторы – ел бірлігі мен ішкі саяси тұрақтылық
[29.07.10] Елбасының дәстүрлі Қазақстан халқына арналған Жолдауы келесі онжылдықтағы мақсат-міндеттерді, мемлекеттік саясаттың бағыт-бағдарын белгіледі, еліміздің дағдарыстан кейінгі дамуын қарастыруымен ерекшеленді. Президент Н. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының алғашқы онжылдығын қорытындылап, 2020 жылға дейінгі даму кезеңін жан-жақты қамтитын стратегиялық жоспар ретінде ұсынылды. Айта кететін жайт, биылғы Жолдауда Қазақстандағы экономикалық дағдарыстың бәсеңсуімен қатар ел дамуының болашағына деген зор сенім қалыптасқандығы байқалады. Президенттің сөзі – бір адамның жеке ойы, жоспары ғана болмағандықтан, бұл сенім барша халықтың болашаққа үміті мен бүгінге көзқарасына оң ықпал етеді.
толығымен

Экономика

Photo
Кеңістіктік дамуды жоспарлаудың әлемдік тәжірибесі
[29.07.10] «Кеңістіктік жоспарлаудың» жалпы әлемдік үдерісі табиғатты тиімді және тұрақты пайдалану, экономиканың салалық құрылымының элементтерін, тұрғылықты жерлер торабын, аумақтарды инженерлік-көліктік және энергетикалық қамтамасыз етуді орналастыру және басқаруда нақты ұлттық масштабтарда құқықтық аймақты құруды ұйғарады. Мысалы, Ұлыбританияда, жаңа қалаларды салу және ауылдық жерлерді дамыту туралы заңдар жинағы бар аймақтық даму туралы Заң, ГФР – кеңістікті ұйымдастыру туралы Заң қабылданған. Тіпті орталықсыздандырылған АҚШ өзінде, қаланың инфрақұрылымын дамытуда, құлдыраған аймақтарды дамытуда жергелікті үкіметке федералды көмек туралы заң белсенді қызмет жасайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесінде кеңістіктік жоспарлаудың ролі өте жоғары. Францияда, Италияда, Испанияда кеңістіктік жоспарлау ұлттық экономиканы жоспарлаудың құраушы бөлігі болып табылады.
толығымен

Қоғам , тарих, мәдениет

Photo
XX ғасырдың 30-50 жылдары Қарағанды облысы территориясында орналасқан еңбекпен түзеу лагерлері
[29.07.10] Арзан еңбек күшін үнемі ұлғайтып отыруға мүдделі экстенсивті шаруашылыққа негізделген тоталитарлық мемлекет лагерлік экономика қалыптастырған саланы да шебер қолдана білді. Кеңес Одағында еңбек күшін пайдаланудың мұндай түрлері қалыпты жағдай саналды, себебі тоталитарлық режим түзеу жүйесін климатты қолайсыз аудандарда ауыр еңбекке пайдаланатын тегін жұмыс күші ретінде жалпы өнім өндірісіндегі дербес сегмент деп таныды. Мұндай ауыр сынақ əсіресе, соғыс жағдайында мемлекет ең арзан жұмыс күші ретінде қараған еріксіз қоныс аударылғандардың еншісіне тиді. Олар «еңбек армиясына» жұмылдыруға негіз болды. Еңбек армиясы – лагерьдегі тұтқындардың тегін жұмыс күшін жазықсыз, бірақ қамаудағылар жағдайына дейін төмендетілген əрі тұтқынға алынған адамдар есебінен екі есе көбейтуге мүмкіндік беретін НКВД ойлап тапқан рақымсыз саясаттың нəтижесі еді.
толығымен

Сараптамалық көзқарас

Photo
БОЛДЫ ДА ПАРТИЯ…
[17.06.10] Қырғызстандағы тағы бір кезекті оқиға, енді елдің оңтүстігінде орын алған қақтығыстар барша әлемнің назарын өзіне аударды. Маусымның 11-і күні Ош қаласындағы қарулы төбелестің аяғы көптеген құрбан­дыққа алып келген бұқаралық бүліншілікке жалғасты. Жағдайдың тұрақсыздануы көрші Жалалабад облысына таралып, бұл жағдай бүгінге дейін республиканың оңтүстігін өз қыспағында ұстап тұр. Көрші мемлекетте орын алған бұл қақтығыс Қырғызстандағы шешімін таппаған көптеген мәселелермен қатар, аймақтық қауіпсіздік жүйесінің де кемшіліктерін ашып көрсетті. Қайғылы жағдайдың алдын алу мен бұл қақты­ғыстың бүкіл Орталық Азия аймағына таралып кетуіне жол бермеу мақсатында сыртқы күштерді пайдалану туралы ұсыныстар жиі-жиі көтерілуде. Бішкектегі уақытша үкімет те өз күшінің жетпейтіндігін түсініп, Ресей басшылығынан ресми түрде көмек сұрады. 12 маусым күні ҰҚШҰ елдерінің Қауіпсіздік кеңесі хатшылары Қырғызстандағы жағдайға қатысты жедел кеңес өткізуге жиналды.
толығымен

Сұхбат

Photo
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын ХХI ғасырға тиімді түрде бейімдеу үшін қайта құрылымдайтын уақыт жеткен сияқты
[12.04.10] Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының 100 күндік белесіне иек артып отырмыз. 100 күндік белес – кез келген ірі жоба, тіпті халықаралық жоба үшін бұл жалпыға бірдей қабылданған кезеңдік меже. Бұл кезеңде жобаның бағдарламасы қабылданады, мақсаттары, әдіс-тәсілдері айқындалып, негізгі контурлары көрініс бере бастайды. Осы орайда, Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының вице-президенті, Бельгия сенатының депутаты Пол Вилле Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне орай өзінің «Өкілеттік мерзімі шектеулі, потенциалы шексіз» деген тақырыппен берілген мақаласында: «Алғаш рет ЕҚЫҰ тарихында бұрынғы Кеңес Одағынан шыққан, мұсылман халқы басым мемлекет аймақтық ұйымның тізгінін ұстады. Барлығы таңданды. Бұл ел нені іске асырады? Ол зор жауапкершілік жүгін арқалап, толып жатқан замана сындары мен қауіп-қатерлерге қарсы тұра ала ма? Ұйымның өн бойына қан жүгірте ала ма?» – деп жазып, сіз қойып отырған сұрақтар төңірегінде ой бөліседі.
толығымен
 
Copyright © The Kazakhstan Institute for Strategic Studies 2005
Back Top