Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

Санат Көшкімбаев, https://egemen.kz/article/185822-qazaqstandy-alemge-tanytqan-dara-koeshbasshy

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің болашағы­на қатысты аса маңызды әрі тарихи мәлімдеме жасап, өзі­нің президенттік өкілеттігін тоқтататынын айтты. Бұл дәл осы кезеңде ел күтпеген, бірақ Қазақстанның даму стратегия­сын алдағы бірнеше жыл­ды есепке ала отырып анықта­ған Ұлы саясаткердің шешімі. Өйткені тек елінің болаша­ғын ойлайтын жауапкершілігі жоғары саясаткерлер ғана дәл осындай шешімдерді қабылдап, қадам жасай алады. Оның үстіне Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті қазіргі тәуелсіз Қазақстанның негізін салу­шы ретінде және оның белсенді іс-әрекеттері мен қызметінің ар­қа­сында, даңқты жолы арқылы еліміз халықаралық деңгейде мемлекет ретінде мойындалды. Қазақстанды тек көршілер ғана емес, әлемдік грандтар – державалар мойындады. Оған қоса, Елбасын әр жылдары әлемдік саясаттың сайыпқырандары жоғары бағалағандығын ескеру керек. Оның ішінде Маргарет Тэтчер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік саясатқа қосқан үлесін жоғары баға­лап, Елбасын әлемнің ең даңқты 5-6 саясаткерінің қатарына қос­қандығын күллі әлем біле­ді. Сон­дай-ақ кезінде үлкен Джордж Буштың өзі Нұрсұлтан Назар­­­баевқа құшағын айқара ашып, біздің президенттің мәр­те­бесін жоғары бағалағаны есте.  Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевты Сингапурдың тұңғыш премьер-министрі Ли Куан Ю және Қытай­дың қазіргі реформалары­ның әкесі Дэн Сяопинмен салыстыра аламыз. Қытайлық саясаткер елде жоғары лауазымда бол­маса да, Қытайдың заманауи реформаларының әкесі деп бағалауға тұрарлық тұлға. Биыл қытайлықтар осы ашық реформаларының жүргізіле бастауының 40 жылдығын атап өтеді.  Оның үстіне Сингапур, Қытай сияқты қазіргі алып мемлекеттер Нұрсұлтан Назарбаев сияқты ұлы тұлғаларының арқа­сында өсіп-өнді.  Сондықтан да Нұрсұлтан Назар­баевтың Қазақстан тари­хын­дағы рөлі бұл тұлғалардан еш кем түспейді. Ол қазіргі эко­но­микалық даму моделінің архи­текторы екендігінде дау жоқ. Тарихта, саясатта Назар­баев моделінің табыстылығы, тиімділігі мен өнімділігі дәлел­деніп отыр. Қиын уақыт­тарда экономикалық дағдарыс­тар, гео­саяси күйзелістер Назар­баев­тың басшылығының арқа­сында біздің елімізге аса залалын тигізе қойған жоқ. Ор­талық Азия аумағында нағыз көшбасшыға айналып, елдегі, өңірдегі тұрақтылық пен қауіп­сіздік кепілі бола білді.  Ең бастысы, Елбасы – Қазақ­­­станның Тұңғыш Прези­дентінің ел дамуындағы рөлі арта түспек. Нұрсұлтан Назар­баев­тың Қауіп­сіздік Кеңесі­нің төрағасы ретінде қызметін жалғастыруы ертеңге сенімді нығайта түседі.


Басылымдар

kurtköy evden eve nakliyatgöktürk evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyatbeylikdüzü evden eve nakliyatpendik evden eve nakliyatadalar evden eve nakliyatşile evden eve nakliyatbahçeşehir evden eve nakliyatataşehir evden eve nakliyatmaltepe evden eve nakliyatçekmeköy evden eve nakliyatbeykoz evden eve nakliyatsariyer evden eve nakliyatşişli evden eve nakliyatbüyükçekmece evden eve nakliyatbaşakşehir evden eve nakliyatkurtköy evden eve nakliyatevden eve nakliyattuzla evden eve nakliyatyeşilköy evden eve nakliyatkadıköy evden eve nakliyatataköy evden eve nakliyathalkali evden eve nakliyatüsküdar evden eve nakliyatistanbul ofis taşımaeşya depolamaistanbul evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyateşya depolamaşişli evden eve nakliyatbahcelievler evden eve nakliyatbakırköy evden eve nakliyatbahçeşehir evden eve nakliyatgöktürk evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyat

kadikoy moto kurye umraniye moto kurye tuzla moto kurye atasehir moto kurye moto kurye moto kurye moto kurye moto kurye moto kurye trabzon web tasarim rize web tasarim