Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2020 жылдың 11-13 қараша күндері алғаш рет онлайн-форматта «Қазмедиа орталығының» қатысуымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен IV Astana Media Week медиа-апталығы өтті.

AMW АҚШ, Ресей, Норвегия, Сауд Арабиясы, Австралия және т.б. сияқты 10 елден 60-тан астам спикерлерді біріктірді.

Astana Media Week отандық медиа саланы дамытуға, өңірлік және халықаралық деңгейлерде индустриядағы іскерлік қатынастарды ілгерілетуге бағытталған. Қазіргі AMW тақырыбы болашақта медиа жұмысын құру жолдарын көздейді. Басты тақырыптар: медиа мазмұнды тұтынудың жаһандық тенденциялары; пандемия және БАҚ-қа деген сенім дағдарысы; жаңа жағдайдағы редакциялардың жұмысы; көпплатформалылық; медиа кеңістіктің жаңа көшбасшылары. 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева құттықтау сөз сөйледі. «Бірегейлік, икемділік, құзыреттілік, серіктестік және коллоборация секілді дағдыларымыздың бүгінгі күні қалыптасқан жағдайда тамаша шешім бола алатынын анық білеміз. Үздік тәжірибені зерделеу және қолдану, дамыған коммуникация және жоғары кәсіпқойлық медиа саланы болашақтың саласына айналдырады», - деп атап өтті А.Балаева.

Сондай-ақ, медиа-апта жұмысына БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің аға кеңесшісі Роберт Скиннер; Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының (ABU) Бас хатшысы Джавад Моттаги; журналист, редактор, жазушы Михаил Зыгарь; Бүкілресейлік мемлекеттік телевизия және радио хабар тарату компаниясы халықаралық қатынастар дирекциясының басшысы Петр Федоров; Ресей ТАСС АА бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гузман; Тат-медиа бас директоры Шамиль Садыков; «А поговорить?» YouTube арнасының авторы, сұхбат алушы, журналист Ирина Шихман; PR-маман Әлішер Елікбаев және Қазақстанның медиа-қоғамдастығының басқа да басты сарапшылары қатысты.

Сонымен қатар, медиа-апта қатысушылары astanamediaweek.kz медиа-апта сайтындағы онлайн іс-шаралардың тұтас сериясына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстандағы Америка елшілігінің қолдауымен Нью–Йорк киноакадемиясының профессорлары Билл Айнрайнхофер - америкалық телепродюсер, Америка режиссерлер гильдиясының мүшесі, үш Эмми сыйлығының иегері; Евгения Власова - журналист, NYFA оқытушысы журналистерге арналған воркшоптар өткізді.

Медиа саласының қатысушыларына арналған жыл сайынғы «Контент-маркет» көрмесі алғаш рет онлайн-форматта өтіп, «келушілерге» отандық және халықаралық продакшн-компаниялардың медиа нарығының өзекті ұсыныстарымен жылдам әрі ыңғайлы танысуға мүмкіндік берді.

AMW аясында алғаш рет баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін жыл сайынғы «Үркер» ұлттық сыйлығы табысталды.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан Astana Media Week жұмысына ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысы Асара Мұқанова және ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің қызметкері Айжан Молдағалиева қатысты.

Басылымдар

kurtköy evden eve nakliyatgöktürk evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyatbeylikdüzü evden eve nakliyatpendik evden eve nakliyatadalar evden eve nakliyatşile evden eve nakliyatbahçeşehir evden eve nakliyatataşehir evden eve nakliyatmaltepe evden eve nakliyatçekmeköy evden eve nakliyatbeykoz evden eve nakliyatsariyer evden eve nakliyatşişli evden eve nakliyatbüyükçekmece evden eve nakliyatbaşakşehir evden eve nakliyatkurtköy evden eve nakliyatevden eve nakliyattuzla evden eve nakliyatyeşilköy evden eve nakliyatkadıköy evden eve nakliyatataköy evden eve nakliyathalkali evden eve nakliyatüsküdar evden eve nakliyatistanbul ofis taşımaeşya depolamaistanbul evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyateşya depolamaşişli evden eve nakliyatbahcelievler evden eve nakliyatbakırköy evden eve nakliyatbahçeşehir evden eve nakliyatgöktürk evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyat

kadikoy moto kurye umraniye moto kurye tuzla moto kurye atasehir moto kurye moto kurye moto kurye moto kurye moto kurye moto kurye trabzon web tasarim rize web tasarim